Бұл туралы Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлап отыр. Дәрігерлер 1 маусымда 12 адамды палатаға ауыстыру туралы шешім қабылдаған.
«Қазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырған 12 науқас реанимациядан тұрақты палатаға шықты. Атап айтсақ:
Шымкент қаласында ‒ 4 адам, Жамбыл облысында ‒ 3 адам, Түркістан облысында ‒ 1 адам, Қызылорда облысында ‒ 1 адам, Қарағанды облысында ‒ 1 адам, Маңғыстау облысында ‒ 2 адам», - деп хабарлады комиссия.
Осымен, елімізде барлығы 181 адам реанимациядан бейінді бөлімге шыққан.