$ 444.22  476.38  4.82

Бүгіннен бастап Маңғыстау облысында карантин тәртібі күшейтілмек

Облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасында жүруіне шектеу енгізілді.
фото: ehonews.kz
фото: ehonews.kz

Маңғыстау облысында СOVID-19 індетіне шалдыққандар санының 7 пайызға артуына байланысты, 8 маусымнан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мына нысандардың жұмысына тыйым салынады:

1) Кинотеатрлар, театрлар, көрмелер, интернет және компьютер клубтары, ойын-сауық орындары;

2) Түнгі клубтар, кальян тарту орындары;

3) Ойын-сауық нысандары (букмекерлік, бильярд, караоке, ps-клубы, квесттер, боулинг орталықтары және басқалары);

4) Сыйымдылығы 30 орыннан көп мейрамханалар, дәмханалар, тойханалар;

5) Жекелеген нөмірлері мен кабиналарын қоспағанда, моншалар мен сауналар;

6) Балалар аттракциондары.

Сонымен қатар, облыс тұрғындарының қалалар, аудандар, ауылдар арасында жүруіне шектеу енгізілді. Ал қоғамдық көліктер жұмысына таңертеңгі сағат 6:00-ден 10:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 21:00-ге дейін ғана рұқсат беріледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары