$ 447.4  477.55  4.76

Елімізде коронавирус жұққан мыңнан астам адам негізгі статистикаға енгізілмеген

Одан бөлек, коронавирус жұққан 37 адамның өлімінің басты себебі COVID-19 емес.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қазақстанда коронавирус жұққан, бірақ, ауру белгілері жоқ адамдар саны 1044-ке жеткен. Бұл туралы кеше Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Азаттық.

Ведомство 3 маусымнан бастап симптомы жоқ науқастарды негізгі статистикаға енгізбей, бөлек есептейтінін хабарлаған еді.

6 маусымда елде ауру белгілері байқалмаған осындай 357 адам анықталған. Бұл – ауру белгілері бар науқастардан шамамен екі есеге көп. Жексенбі күні министрлік өткен тәулікте183 науқас анықталды деп хабарлаған.

Министрліктің мәліметінше, ауру белгілері байқалмаған адамдар төмендегі облыс және қалалардан анықталған:

Нұр-Сұлтан – 141,
Алматы – 95,
Шымкент – 131,
Ақмола облысы – 13,
Ақтөбе облысы – 17,
Алматы облысы – 73,
Атырау облысы – 65,
Шығыс Қазақстан облысы – 48,
Жамбыл облысы – 16,
Батыс Қазақстан облысы – 136,
Қарағанды облысы – 102,
Қостанай облысы – 5,
Қызылорда облысы – 48,
Маңғыстау облысы – 71,
Павлодар облысы – 10,
Солтүстік Қазақстан облысы – 40,
Түркістан облысы – 33.

Сәуір айының соңында індет өршіп, коронавирустан қайтыс болғандар саны артқан шақта Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен байланысты адам өлімі статистикасын да «вирустан қайтыс болғандар» және «өліміне коронавирус себеп болмағандар» деп екі бөлек жүргізе бастаған. Бірақ, соңғысының статистикасы көпке дейін айтылмай келген.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 12 694 адамнан коронавирус табылған. Бұған қоса, коронавирус жұққан, бірақ, симптомы жоқ 1044 адам бар. 7376 адам жазылып, 56 адам қайтыс болған. Одан бөлек, коронавирус жұққан 37 адамның өлімінің басты себебі COVID-19 емес.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары