$ 443.35  475.54  4.82

«Екпеден бас тартқан ата-аналар баланы денсаулыққа деген құқынан айырады» - Біртанов

Ал мұндай жағдай медициналық қарсы көрсетімдердің болуына байланысты вакцина алмайтын балаларға елеулі қауіп төндіреді.
фото: 365info.kz
фото: 365info.kz

Еліміздің денсаулық сақтау министрі сенатта міндетті вакцинациялау жайлы қоғамда дау тудырған нормаға қатысты пікір білдірді. Айтуынша, аталған норма қауіпті инфекциялық аурулардан қорғау үшін ұжымдық иммунитет қалыптастыру мақсатында қажет деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін сенат денсаулыққа қатысты Кодекс жобасын қарастырды. Құжатты Елжан Біртанов ұсынды. Құжат жаңалықтарын айта келе, ол міндетті түрде вакцинациялау мәселелері бойынша түзетулерге жеке тоқталды. Оның сөзінше, бұл норма әркімнің денсаулыққа құқы бар екенін көрсетеді. "Ал вакцинациялаудан бас тартқан ата-аналар балаларын мықты денсаулыққа ие болу құқынан айырады" деп есептейді Біртанов. 

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы екпе алмағандардың көбеюі ұжымдық қорғанысқа және халық арасында эпидемия туу мүмкіндігінің дамуына әкеп соғады дейді. Ал мұндай жағдай медициналық қарсы көрсетімдердің болуына байланысты вакцина алмайтын балаларға елеулі қауіп төндіреді.

Министр өткен жылдың көрсеткішін ұсыну арқылы өз сөздерін растады. Оның айтуынша, бір жыл бұрын елде қызылшадан 21 адам қайтыс болған. Оның ішінде 19-ы бала. Жалпы, 2019 жылы бұл инфекцияны 13,8 мың адам жұқтырған, оның 9,8 мыңы- бала. Олардың көбі иммундау жасына жетпегендіктен, қызылшаға қарсы екпе алып үлгермеген. Біртанов міндетті вакцинациялау туралы норма үлкен қоғамдық дау тудырғанын мойындады.

 Парламент қабырғасында талқылау нәтижесінде барлық екпені міндетті және ерікті етіп бөлу туралы шешім қабылданды. Алғашқысына жоспарлы профилактикалық екпелер мен эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша профилактикалық екпелер (мысалы, тұмауға қарсы егу) жатқызылды. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары