$ 498.34  519.72  4.85

«Қазақстанда коронавирус инфекцияның екінші толқыны жүріп жатыр» - Денсаулық сақтау министрі

Біз бірге күрессек қана бұрынғы өмір сүру салтымызға, жұмысқа тезірек ораламыз.
фото: rg.ru
фото: rg.ru

Әлемді әуре-сарсаңға салған коронавирус пандемиясы жақында басылмайтын түрі бар. Сақтық шаралары 2022 жылға дейін сақталуы мүмкін. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантин шараларына қатысты Facebook парақшасында жазба жариялады, - деп, хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Министрдің жазуынша,  2022 жылға дейін қашықтық сақтау керек болуы мүмкін. «Құрметті достар! Сіздерге тек министр ретінде ғана емес, коронавирус эпидемиясына байланысты бүгінгі жағдайды уайымдайтын адам ретінде жазып отырмын. Әрқайсымыздың жеке жауапкершілігіміз болуы керек уақыт келді. «Жеке карантин» ережелерін саналы түрде үйренетін уақыт келді», - деп жазады. 

Айтуынша, жақында Гарвард қоғамдық денсаулық мектебіндегі профессордың мақаласы жарияланған. Онда SARS-CoV-2 коронавирусының есебі көрсетілген. Онда маусымдық деректер, иммунитетке және бета-коронавирустың иммунитетіне қиюласу алынған. «SARS-CoV-2 күз-қыз маусымында қайта жаппай тарауы мүмкін деген болжам бар және жаңа толқыны болмауы үшін 2022 жылға дейін бірқалыпты әлеуметтік қашықтықты сақтау керек болатын шығар. Бұл уақытқа дейін жаппай иммунитет қалыптасуы мүмкін немесе вакцина дайын болып қалар. Қазір SARS- CoV-2-ке иммунитет қашан болады және қандай дәрежеде болатыны әзірге белгісіз. Басылымның деректеріне сүйенсек, түрлі болжам бар. Қысқа мерзімді иммунитет (40 апта) қалыптасса, онда жыл сайын жаппай таралу болады. Егер ұзақмерзімді иммунитет (104 апта) қалыптасса, жылына екі рет жаппай таралу болады. Ал егер өмір бойы иммунитет қалыптасса - вирус элиминациясы, онда 2024 жылы жаппай таралуы мүмкін», - дейді министр.

Ары қарай Біртанов коронавирустың алдын алу үшін қарапайым шараларға көңіл бөлу керек деп атап өткен: 

Мүмкіндігінше жұмыста, көлікте, көшеде, дүкенде және т.б. жерде бір-бірімізден қашықтықты сақтауымыз керек.  Егер сізде офисте жұмыс істейтін қызметкер болсаңыз, онда қашықтан жұмыс істеңіз. Туыстар және достармен бейнебайланыс, жаңа технологиялар арқылы сөйлесіңіз;

Қоғамдық орындарда маска тағыңыз;

Қолды сабынмен кемінде 20 секунд бойы жуыңыз, қолды санитайзермен тазалаңыз;

Отбасы мүшелерінің дене температурасын өлшеп тұрыңыз;

«Сіз «жеке карантин» ережелеріне немқұрайлы қарамай, жауапкершілік танытсаңыз отбасыңыздың, туыс, достарыңыз бен әріптестеріңіздің, қала мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз. Біз бірге күрессек қана бұрынғы өмір сүру салтымызға, жұмысқа тезірек ораламыз, туған-туыс, жақындарымызбен қауышып, еркін жүріп-тұруға мүмкіндік туады, қайта саяхатқа шығамыз.

Ол үшін әрқайсыңыздан «жеке карантин» талаптарын қатаң сақтауды сұраймын! Өз басыңыздың және жақындарыңыздың амандығы үшін жеке қауіпсіздікке аса мән беріңіз. Ауырмаңыздар!», - делінген Біртановтың жазбасында. 
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары