Астанада 6 қарашада оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қазақстанның 15 облысында 2026 жылдың 6 қарашасында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Түнде және таңертең Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 2-7 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Түнде 3-5 градус суық болып, үсік жүреді деп болжанады. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, ал түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда 6 қарашада солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-18 м/с.
Түнде және таңертең Ұлытау облысыныңбатысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында кей уақыттарда 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада 6 қарашада оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың орталығында кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда 6 қарашада түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Алматы облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыста 1-6 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 6 қарашада оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Түркістан облысыныңбатысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Өскеменде6 қарашада түнде және таңертең тұман түсетіні болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысыныңоңтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысыныңбатысында, солтүстігінде аздап жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады, ал облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында кей уақытта 25 м/с, ал кейбір тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Петропавлда 6 қарашада түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Қостанай облысыныңсолтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанайда 6 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-18 м/с. Павлодарда 6 қарашада түнде тұман түседі деп күтіледі.
Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Жамбыл облысыныңбатысында, шығысында, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің облыстың таулы аудандарындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 6 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.