Бүгін Премьер-министрдің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова facebook парақшасына Асқар Маминнің өзін-өзі оқшаулаулап жатқанын жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«12.06.2020 ж. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты. Онда Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов та болды. Е. Біртановтан COVID-19-ға алынған анализ бойынша вирустың анықталуына байланысты, ҚР Премьер-министрі тест тапсырды. Оның нәтижесі – теріс.
Айта кеткен жөн, жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі респираторлық маска киіп жүрді. Үкімет басшысы Асқар Мамин қазіргі таңда өзін-өзі оқшаулауда. Дегенмен, бейнеконференция байланысы режимінде кестеге сәйкес жұмыс істеуді жалғастырады», - дейді Зарина Нұрланова.