$ 444.32  473.33  4.76

Бүгін елімізде тағы 4 адам коронавирустан көз жұмды

Сонымен, бүгінде Қазақстан бойынша барлығы 77 адам коронавирустан қайтыс болып отыр.
фото: egemen.kz
фото: egemen.kz

Бүгін елімізде коронавирустан тағы 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Нұр-Сұлтан қаласында 1941 жылы туған әйел, Павлодар облысында 1971 жылы туған әйел, Ақмола облысында 1977 жылы туған ер және 1952 жылы туған әйел көз жұмды» делінген Жедел штаб хабарламасында.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.

Сонымен, бүгінде Қазақстан бойынша барлығы 77 адам коронавирустан қайтыс болып отыр. Атап айтқанда:

Нұр-Сұлтан қаласы – 15
Алматы қаласы – 10
Шымкент қаласы – 11
Ақмола облысы – 6
Атырау облысы – 3
Шығыс Қазақстан облысы – 1
Жамбыл облысы – 1
Батыс Қазақстан облысы – 4
Қарағанды облысы – 7
Қостанай облысы – 2
Маңғыстау облысы – 2
Павлодар облысы – 12
Түркістан облысы – 3

Қазір Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 14 496-ға жетті. Ал аурудан 9 188 адам айыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары