$ 494.95  525.49  5.05

47 жыл бойы қан тапсырған: алматылық донор әлем бойынша екінші орында тұр

Сақталу мерзімі қысқа болғандықтан, тромбоциттерді үнемі жаңартып, донорлардан жиі алып тұру керек. Қанның бұл жасушасын донорлар 2 аптада бір рет тапсыра алады.
фото: time.kz
фото: time.kz

Алматыдағы республикалық қан орталығында 8 мыңға жуық тұрақты донор бар. Олардың қатарында 47 жыл бойы 1 мың 100 рет қан тапсырып, әлем бойынша екінші донор атанған Александр Скаковский де жүр, деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы.

Нұртуған Ақмұрзаев 13 жылдан бері қан тапсырып келеді. Алғаш рет университеттің 2 курсында оқып жүргенде донор болуға шақырған хабарламаны көзі шалады.

«Оның үстіне бала кезден өзгелерге көмек беру, қайырымды іс жасауды армандайтынмын», - дейді 33 жастағы Нұртуған Ақмұрзаев. Қазір ол айына бір рет қан тапсырып тұрады.

«Карантин кезінде мені 3-4 рет қан тапсыруға шақырды. Білуімше, науқастарды емдеуде тромбоциттердің көмегі көп. Сондықтан карантин деп қорықпастан келіп, қан тапсырдым», - дейді донор.

Қанның құрамындағы тромбоцит жасушалары қанның қатерлі дертіне шалдыққан науқастарға ауадай қажет. Орталық мамандарының айтуынша, сақталу мерзімі қысқа болғандықтан, тромбоциттерді үнемі жаңартып, донорлардан жиі алып тұру керек. Қанның бұл жасушасын донорлар 2 аптада бір рет тапсыра алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары