$ 449.58  486.94  4.86

«Қос өкпесін» қысып тұр: елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны еселеп артуда

Ақтөбе облысында өкпесі қабынған науқас саны соңғы күндері күрт артқан.

Елімізде пневмониядан қайтыс болғандардың саны еселеп артқан. Санаулы күнде тек Ақтөбе облысында 18, ал Жаңаөзенде 6 адам аталмыш дерттен көз жұмды. Ақтөбеде маусым айында өкпесі қабынған 700-ден астам науқас анықталған. Ал дәрігерлер ауруы асқынғандарды ғана ауруханаға жатқызады. 

Ақтөбе облысында өкпесі қабынған науқас саны соңғы күндері күрт артқан. Тіпті бір айдың ішінде пневмонияға шалдыққандандар 700 сырқаттан асыпты. Өкінішке қарай, өңірді дендеген дерт 18 адамның өмірін жалмаған. Ал дәрігерлер тек ауруы асқынғандар ғана ауруханаға жатқызылатынын айтады.

Светлана Есенаманова, Ақтөбе облыстық ДСБ басшысының міндетін атқарушы:

- 478-і стационарда. Ауданда провизорлық стационарда 131 адам жатыр, соның 80-і пневмония. Іс жүзінде барлық ауданда ковид те, пневмония да шығып жатыр. Бірақ қаладағы сияқты емес.

Коронавируспен қатар өршіген пневмония Шымкенттің де «қос өкпесін» қысып тұр. Мұнда осы айдың басынан бері 360 адамның өкпесі қабынып, дәрігерлер көмегіне жүгінген. Дерті асқынған 4 адам бақилық болыпты. Сырқаттанғандардың саны күн санап артқан саң, «күресті күшейтік» дейді мамандар.  

Мухаббат Тұрғанбаева, Шымкент қалалық ДСБ ресми өкілі:

- Қосымша провизорлық госпиталь ашылды. 1420 төсек орындық аштық. Оның бәрі дайын. Ол жерге қосымша 22 ӨЖЖ (өкпені жасанды желдету) аппараты қойылды. 27-не дейін тағы 40 аппарат қойылады. 38 мониторинг қойылған.

Жаңаөзен қаласының ахуалы да көңіл көншітпейді. Мұнайлы өңірде бір аптада 105 науқастың қос өкпесі сыр беріп, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер 6 адамды ажалдан арашалап қала алмады. Олардың айтуынша, пневмониямен ауырғандарға жасалатын ем-домның коронавирус жұқтырғандарға көрсетілетін емнен айырмашылығы жоқ. Тек өкпесі қабынып қайтыс болғандарды оқшаулап жерлемейді. Әзірге айырмашылығы сол ғана.

Дереккөз: КТК арнасы

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары