$ 494.87  520.65  4.91

Аллергияны коронавирустан қалай ажыратуға болады? - инфекционист жауабы

Инфекционистің айтуынша, ең алдымен үрей мен қорқыныштан құтылу керек.
Фото:  WomanEL
Фото: WomanEL

Қазақстанның жетекші инфекционисі Динагүл Баешева аллергиясы бар адамдарды дүрбелеңге салынбай, оны коронавирустан қалай ажыратуға болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Инфекционист аллергия кезінде де, коронавирус жұқтырғанда да адамның мұрны бітеліп, тыныс алуы қиындайтынын айтты. Алайда профессор бірден дүрбелеңге салынбай, адамдарға біраз уақыт өзін бақылауға кеңес берді.

"Коронавирусқа мұрынның бітелуі тән. Коронавирус – инфекциялық үдеріс, сол себепті дене қызуы көтеріліп, адамда әлсіздік пен басқа да ауру белгілері пайда болады. Мұрын бітеліп, адамда иіс сезу қабілеті жоғалады. Кофенің, әтірдің иісін сезбейді. Бұл симптомдар жұқпалы ауруларға тән", - деп түсіндірді Баешева.
Ал аллергия кезінде тыныс алу қиындап, мұрын бітеледі, алайда адам басқа қандай да бір өзгерісті байқамайды, өзін жақсы сезінеді.

"Егер адамда бұрын-соңды мұндай жағдай болса, ол аллергия екенін білу тиіс. Мысалы "жусан гүлдесе, аллергия басталады, мұрын бітеліп, дем ала алмаймын" дейді. Яғни, аллергия мен коронавирустың клиникалық көріністері бір-бірінен ерекшеленеді", - дейді Динагүл Баешева.

Инфекционистің айтуынша, ең алдымен үрей мен қорқыныштан құтылу керек, содан кейін аурудың симптомдарына мұқият қарау қажет. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары