$ 494.87  520.65  4.91

Әр үйден табылатын 5 қауіпті дәрі

Барлық қабынуға қарсы препараттардың салдары бар.
Фото: ktk.kz
Фото: ktk.kz

Қауіпті дәрілердің көшін қыжылға қарсы дәрі-дәрмектер бастап тұр. Антацидтер ас қорту жүйесінен басқа мүшелерге жаман әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Олар D дәрумені мен кальцийдің сіңуін бұзады, сондықтан остеопороз пайда болуы мүмкін. Тізім бойынша екінші орында ауырсынуды азайтатын дәрілер қауіпті. Терапевт Ирина Скороходованың айтуынша, тіпті зиянсыз деп есептелетін ибупрофен асқазанның шырышты қабығына қатты соққы береді.

Барлық қабынуға қарсы препараттардың салдары бар. Оларды жиі қолданатын болсаңыз, асқазан мен ішектен қан кетуі мүмкін. Кәдімгі анальгиннің өзі иммундық жүйеге қауіп төндіреді.

Үшінші орында қан қысымына қарсы таблеткалар. Дәрігерлердің айтуынша, оларды дәрігерден кеңес алмай қабылдайтын адамдардың инсультқа ұшырау қаупі бар.

Оған қоса қауіпті дәрілер қатарына аспиринді жатқызуға болады. Бұл препарат геморрагиялық инсульт қаупін сегіз есе арттырады.

Сондай-ақ, В дәрумендері қатты аллергиялық реакция тудыруы мүмкін, сондықтан дәрігерлер оларды қауіпті дәрілер тізіміне енгізді. Дәрігерлер тағамдағы дәрумендерді тұтынуға кеңес берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#дәрігер #дәрі