$ 444.32  473.33  4.76

Қазақстанда коронавирустан 12 мыңнан астам адам жазылып шығып, 140 адам көз жұмды

Бүгін індеттен 172 адам айығып, 4 науқас қайтыс болды.
фото: azattyq-ruhy.kz
фото: azattyq-ruhy.kz

Бүгін елімізде коронавирус індетінен 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облысында 1971 жылы туған ер азамат пен Алматы қаласында 1958 және 1977 жылы туған әйел адамдар және 1979 жылы туған ер адам көз жұмған.

Сонымен, Қазақстан бойынша барлығы 140 адам қайтыс болды. Ал соңғы дерекке сүйенсек, бүгін тағы 172 адам коронавирус індетінен емделіп шыққан. Атап айтқанда, олар: Алматы қаласынан – 2, Шымкент қаласынан – 8, Шығыс Қазақстан облысынан – 12, Алматы облысынан – 9, Ақмола облысынан – 16, Ақтөбе облысынан – 22, Батыс Қазақстан облысынан – 17, Түркістан облысынан – 1, Маңғыстау облысынан – 6, Қостанай облысынан – 8, Жамбыл облысынан – 6, Қарағанды облысынан – 53, Қызылорда облысынан – 8, Павлодар облысынан – 4 адам.

Сонда бүгінде елімізде жалпы жазылғандардың саны 12 220 адамға жетіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары