Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрт орынбасары науқастанып қалды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі олардың екеуі пневмонияға шалдыққанын растады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ведомствоға сілтеме жасап.
Қазір пневмонияға шалдыққан қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен орынбасар Алмасбек Мамытбеков ауруханада емделуде. Ал тағы екі орынбасары Мақсұт Исақов пен Нұрсадық Ергешбек жылы өңірде суық тигізіп алыпты.
«Қазір қала әкімінің бір орынбасары Бауыржан Мамыталиев – қызмет бабында. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі бірер күн бұрын ғана қалыпты жұмыс тәртібіне оралды. Ол бұған дейін оқшауланып, қашықтан жұмыс істеген болатын», - делінген хабарламада.