Дәріханалардан сатып алуға дәрі таппай не дәрігерлерден қайыр болмай әбден сандалған жұрт ақыры үйден емделуге көшкен. Қандай бағаға болса да әрі не жазып берсең де алуға дайын отыр. Осыны пайдаланып кейбір пысықтар шыққан жері белгісіз, құрамы күдікті «дәрілерін» тықпалап, қомақты ақшаға онлайн ақыл-кеңес беруге көшкен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Солардың бірі - «Лянхуа» деп капсуласы. Саудалаушылардың айтуынша, аталмыш капсула коронавирус пен пневмонияның алдын алуға таптырмайтын дәрі-мыс. Аурудың алдын алуға 82 пайыз епілдік берілген.
Фармацевтика саласының маманы Қыдырәлі Оразұлының айтуынша, «Лянхуа» дәрісі Қазақстанда тіркелмеген. Тексерілмеген, күдікті дәрі. «Әлеуметтік желілерде короновирусқа қарсы ем деп жарнамаланып жүрген мына «Лянхуа» деген Қытай дәрісі туралы фармацевт маман ретінде сіздерге мынаны айтқым келеді.
Біріншіден: бұл дәрі біздің Қазақстан мен Қытайдан басқа ешбір мемлекетте ешқандай тексеруден өтпеген және тіркелмеген, сондықтан бұл дәріні жарнамалап сату заңсыз.
Екіншіден бұл жалған дәрі болуы әбден мүмкін, себебі Қытайда бүгін бір зауытта жақсы дәрі шықса ертең басқа зауыттар сол дәріні 100% көшіріп жалған дәрілер жасап сата береді. Сондықтан бұл дәрінің дәл түпнұсқа (оригинал) дәрі екеніне ешкім кепілдік бере алмайды.
Үшіншіден: бұл дәрілер бізде тіркелмегендіктен шекарадан ешқандай кедендік бақылаусыз, декларациясыз контрабанда жолымен әкелініп жатыр, Ол да заңсыз. Егер мемлекеттік тіркеуден өтсе онда ол тікелей сол зауыт арқылы түпнұсқа дәрілер ғана заңды түрде кіреді.
Сондықтан, білмеген у ішеді деп, кейбір ақша қуған алаяқтарға алданып қалып, уақыт өткізіп алмаңыздар, керісінше ауырған сәтте бірден жергілікті емханаларға немесе дәріханаларға барып, дәрігер, фармацевтерден кеңес алып вирусқа қарсы дәрілер мен антбиотик дәрілер алып ертерек емделіңіздер», - дейді ол.
Сонымен қатар, ол қауіпті вирус жұқтырып алмас үшін өте сақ болу керектігін айтады.
Жалпы «ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» деп атам қазақ айтқандай, өздеріңізді барлық адамдардан оқшаулаңыз, көшеге шықсаңыз міндетті түрде маска тағыңыз және ол маскаңызды он күн кимей екі сағат сайын ауыстырып тұрыңыздар. Масканы таққанда иекке емес мұрынды толық жауып тағыңыздар. Күніне 3-4 мезгіл үйдің ауасын, есік тұтқаларын 70% спиртпен бүркіп шашып тазартыңыздар. Сырттан келгенде бірден сабындап қол-беттеріңізді жуыңыздар, мұрын, ауыздарыңызды көбірек шайыңыздар. Міне бұл сіздің ауырмайтын жолыңыз болады. Егер ауыра қалған жағдайда бірден жергілікті емханаға барып дәрігерден кеңес алыңыздар, өз беттеріңізбен «анау айтты, мынау айтты» деп дәрігер емес адамдардың сөзіне ермеңіздер, себебі әр адамның организімі әр түрлі, әр адамның басында әртүрлі ауру бар, сондықтан дәрігерлер адамның жеке жағдайына қарай дәрі жазады. Тағы ескеретін жайт ауырған кезде бірден антибиотик ішпеңіздер, бұл тәжівирусы болғандықтан бірінші кезекте вирусқа қарсы Арбидол, Анаферрон, Ингавирин, Рибавирин т.б қатарлы вирусқа қарсы дәрілерді ішіп, қосымша иммунитет көтеретін витаминдер ішіңіздер», - деп кеңес берген.
Сонымен бірге бал қосып қайнаған су, сүйек сорпасын көбірек ішудің пайдалы екенін жазған.