04.07.2020, 02:55

«Министр мырза, жерге түсіңіз!»: Қайрат Құдайберген елдегі дәрі тапшылығын Цойдың «бетіне басты»

«Қымбатты» Денсаулық сақтау министрлігі, ояныңыздар да қарапайым дәрігерлердің айтқандарына құлақ асыңыздар! Олардың қажеттіліктерін орындаңыздар!» - деді одан әрі.

Белгілі кәсіпкер Қайрат Құдайберген Instagram желісінде Цой мырзаға дәріханаларда дәрінің тапшылығын айтып жазба қалдырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Qamshy.kz-тің аудармасына сілтеме жасап.

«Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалғаннан бері ведомствада қозғалыс басталды. Сандары бар презентация көрсетті, короновирус белгілері бар және жоқ адамдарды біріктірді, Президентке короновирус жағдайында қолданатын шаралар туралы мәлімдеді тағы. Сонымен болды.

Бірнеше күн бұрын Цой халық дүрбелеңді қолдан жасап отыр (мұндай факт іс жүзінде бар, бірақ, ондай масштабта емес), ал дәрілердің барлық түрі бар деген мәлімдеме жасады. Бізде дәрі жеткілікті, бірақ, барлығын сатып алып кетіп жатыр екен.

Министр мырза, мен кей жерде сізбен келісемін. Бірақ, үлкен мәлімдеме жасамай тұрып, алдымен вице-министр және көмекшілермен кеңесіп алыңыз да жерге түсіңіз! Содан соң «министрліктер үйіне» жақын тұрған дәріханаға барып, кез келген азаматтың, өзіңіз айтпақшы, Қазақстанда 20 түрі бар «Парацетамол» дәрісін қалай сатып алып тұрғанын көріңіз!

Менің жақындарым маған дәрі алу үшін дәріханалар алдында әртүрлі кезекте жеті сағат тұрған. Себебі, мен жатқан ауруханада да қажетті дәрілердің барлығы болмады (дәрігелерге рақмет, сіздер патриотсыздар!).

Міне, қарапайым халық күнде бетпе-бет келетін НАҒЫЗ ШЫНДЫҚ – осы. Сағаттап тұратын кезектер мен керекті дәрілердің жоқтығы.

Аурухана алдындағы кезектер мен адамдардың аурухана алдында қалай қайтыс болып жатқанынан өзіңіз де хабардарсыз. Сіздердің кешенді өрістеріңіз қайда? Мен де басқалар секілді тек сіздердің Шымкент қаласының спорт кешеніндегі масқара төсек орындарыңызды көрдім.

Сұрақ көп, жауап жоқ. Ресей мен Қытайдан келетін көмек қалай болса солай емес, ретімен бөлінеді деген ойдамын.

«Қымбатты» Денсаулық сақтау министрлігі, ояныңыздар да қарапайым дәрігерлердің айтқандарына құлақ асыңыздар! Олардың қажеттіліктерін орындаңыздар! Халықтың айтқанын тыңдаңыздар да қарапайым дәрілермен қамтамасыз етіңіздер! Содан кейін барып «біз әлемдегі керемет мемлекетпіз, басқа елдер бізге қызыға қарайды» деп айтатын боламыз», - деді кәсіпкер жазбасында.