04.07.2020, 05:45

Карантин: Нұр-Сұлтан полициясы адамдар көп жиналатын барлық жерді аралайды

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену маңызды екенін ескертті. Көрінеу жалған мәліметтердің авторлары мен таратушылары анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.

Ертең, яғни 5 шілдеден бастап елордалық полиция қызметкерлері күшетілген жұмыс режиміне көшеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы да түсіндіру жүргізеді.

«Дауыс зорайтқышты қолдану – азаматтарға қолданыстағы ережелер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді деп есептейміз. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс. Инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз», - деп атап өтті Полиция департаментінен.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын үйлердің ауласы мен адамдар көп жиналатын жерлерді аралайтын болады.

Бұл ретте, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев та елімізде енгізілетін қатаң карантин шараларына байланысты қазақстандықтарға мәлімдеме жасады. 

«Біздің азаматтарымыз қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған санитарлық және алдын алу шараларын қатаң сақтайтынына сенімдімін. Осы кезеңде ішкі істер органдары қызмет өткерудің ерекше режиміне көшірілетін болады. Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі азаматтарды әлеуметтік қашықтық пен маска режимін сақтауға, көп адам шақырылатын іс-шаралар өткізбеуге және өздерінің байланыстарын азайтуға шақырады», - деді министр.

Сонымен қатар, Ерлан Тұрғымбаев тек ресми ақпарат көздеріне ғана сену маңызды екенін ескертті. Көрінеу жалған мәліметтердің авторлары мен таратушылары анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.

«Тек бірлескен күш-жігер, шыдамдылық пен түсіністік көрсете отырып, қызмет атқарып жүрген медицина қызметкерлері мен полицейлерге қолдау көрсете аламыз. Біз бұл қатерге бірлесе қарсы тұрғанда ғана азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, денсаулықтарын сақтап қаламыз!» - деді ол.