$ 494.87  520.65  4.91

«Емдеу хаттамасына өзгерту енгізбесе шыбын құсап қырылып қаламыз»: дәрігер Тоқаевқа үндеу жасады (ВИДЕО)

Антибиотик препараттар негізсіз тағайындалуда. Мен мұны - фармкомпаниялардың мүддесін тықпалау деп күдіктенемін. Олар адамдардың бауырын отырғызып, бүйрек жетіспеушілігі ауруын туындатуда.

Кешелі-бері әлеуметтік желі бетінде Айна Бакеева есімді дәрігердің видеосы тарап жатыр. Бұл дәрігер дәрі таппай жаны қысылып жатқан науқастарға тегін кеңес беріп жатқан көрінеді. Айна Бакееваның айтуынша, науқастарды ИВЛ аппараттарына таңып, қымбат дәріге отырғызбай-ақ қарапайым қимылдар арқылы емдеуге болады екен. Осындай жолмен-ақ, жансақтау бөлімінде жатқан бір науқастың демалысын реттеп берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Ирина Советжанқызының айтуынша, сол дәрігер бүгін ел президентіне үндеу жариялаған. Ол үндеуінде дәрігер «Денсаулық министрлігі емдеу хаттамасын өзгерту енгізсін, әйтпесе, шыбынша қырылып қаламыз», - деп жан айқайын жеткізген.

«ИВЛ-ге асықпаңыздар, өздігіңізбен демалуға тырысыңыз» деп бірнеше күннен бері оқырмдарымен көп құнды кеңестерімен бөлісіп жүрген Айна деген дәрігердің @densaulik_ парақшасына жазылып алыңыздаршы. Жансақтау бөлімінде жатқан адамның қолын көтеріп, қарапайым қимылдар арқылы демалысын реттеген. Бүгін президентке үндеу жариялады. Видеосын салып отырмын. Дәрігер «елдегі емдеу хаттамасын өзгертсін, әйтпесе, қырылып қаламыз» деп отыр. Үндеудің қысқаша аудармасын жасап қойдым, толық нұсқасын тыңдаңыздар», - деп жазған Ирина Советжанқызы facebook парақшасына Айна Бакееваның Тоқаевқа жолдаған үндеуінің қазақша аудармасын жариялаған.

 Үндеуінде дәрігер адамдар ковид емес, теріс тағайындалған емнің кесірінен өкпелері ісіп көз жұмып жатқанын айтқан:

«Адамдар ковидтен емес, дұрыс емес емнің кесірінен, өкпенің ісігінен өліп жатыр. Менде нақты дәлелдер бар. Мәселен, кеше бір адамды қарадым. Жансақтау бөліміне түскен күні өкпесінің 20 пайызы зақымданған. Екі күннен соң өкпесінің жартысына су толған. Мен өкпедегі суды ажырата аламын. Үшінші күні өкпенің тұтас зақымдануы болған. Бірақ бұл ковидті қабыну емес! Қазір жансақтау бөлімдерінде тамырдан ем жүргізіліп жатыр. Дәл осы ауру түріне бұл емнің қажеті жоқ. Оның үстіне, Қазақстанда дәл қазір, дәл осы ауру түріне арналған арнайы ерітінді жоқ. Тұз ерітінділері тіннің ісінуіне алып келеді.

Қазір ауырып жатқан адамның бәрі қауіп тобы емес, егер ем дұрыс жүргізілсе! Мен қазір ем қандай емдеу протоколымен жүргізіліп жатқанын білмеймін. Бірақ шамалап отырмын. Өкпенің тұтас зақымдануы болған науқастың ертең рентген суретін көрсетемін. Адамдар ковидтен емес, өкпенің ісігінен өліп жатқанын үлкен жауапкершілікпен айтамын!

Неге біздің инфекционист дәрігерлер бақса елдердің, соның ішінде Италияның тәжірбиесін зерттемейді? Адамдар тромбоздан өліп жатыр. Италияндықтар мұны түсінді.

Біз онсыз да аз халықпыз. Бұлай кете берсе, шыбын құсап, қырылып қаламыз. 35-40 жастағы жап жас жігіттер қайтыс болып жатыр. Олар дұрыс емес емдеу протоколының кесірінен қайтыс болып жатыр. «Они умирают от неправильных протоколов, просто от того, что им на всякий случай капают».

Қаншама үлкен көлемдегі антибиотик препараттар негізсіз тағайындалуда. Мен мұны - фармкомпаниялардың мүддесін тықпалау деп күдіктенемін. Олар адамдардың бауырын отырғызып, бүйрек жетіспеушілігі ауруын туындатуда.

Дәріхана желісінің жұмысы дәл қазіргі тірлігіне ашулымын. Дәріхана қожайындары – сіздер тонаушысыздар! Жекеменшік клиника дәрігерлері бағасы қымбат дәрілерді тағайындауда. Әріптестер, бұлай істеуге болмайды, доғарыңыздар! Сіздер мұның бәрінің бауырға қалай әсер ететінін білесіздер ғой. Бұл ұлттың денсаулығы. Сіздер мені естиді деп ойлаймын», - деп дәрігер өте өзекті мәселенің бетін ашқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары