$ 447.4  477.55  4.76

«Мобильді бригадалардың қызметі медсақтандыру есебінен төленеді» - министрлік

Тұрғындар үшін мобильді бригадалардың қызметтеріне әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейтін болады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, емханалар жанынан COVID-19 және пневмония белгілері бар пациенттерді, сондай-ақ медициналық көмектің барынша қол жетімділігін қамтамасыз ету және асқынулардың алдын алу үшін стационарда емделгеннен кейін шығарылған пациенттерді бақылау үшін мобильді бригадалар (фельдшерлік немесе дәрігерлік) құрылады. Бұдан басқа, мобильді бригадалар созылмалы аурулары бар пациенттерге үйде қызмет көрсетеді, жүкті әйелдер мен балаларға көрсетімдер бойынша патронаж жүргізеді.

«Мобильдік бригадалар ЖРВИ/КВИ/тұмау/пневмония белгілері пайда болған кезде пациенттерге үйге барып, ПТР-тестке материал жинауды жүргізеді, сондай-ақ диагноз қою үшін медициналық тексеру жүргізеді. Халық үшін бұл қызмет тегін болады. Оны емханаларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді», – деп ӘМСҚ баспасөз қызметі атап өтті.

Есеп айырысу бойынша, мобильді бригаданың бір шығуы үшін тариф 5 400 теңгені құрайды. Мобильді бригаданың қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарымен, пульсоксиметрлермен және басқа да қажетті көмек көрсету және сол жерде кеңес беру құралдарымен қамтамасыз етіледі.

Айта кетерлігі, алдыңғы күні Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның жедел-жәрдем қызметі шақыртуларға үлгермей жатқанын, сондықтан, қосымша 3000 мобильді бригадалар құрылғанын айтқан.

Артынша вице-министр Ажар Ғиният мобильді ақылы жедел-жәрдем бригадаларының қызметі 5400 теңге екенін және олар қандай қызмет көрсететінін айтты.

«Министр айтқандай, ауруханалар мен жедел жәрдем қызметтерінде мобильді бригадалар пайда болады. Бүгіннен бастап жұмысқа кірісті. Олардың қызметіндегі тариф құны да белгілі. Бағасы - 5 400 теңге. Бригадалар коронавирусқа күдігі бар немесе тұмау жұқтырғандарды қарап, олардан тест алу үшін барады. Бір шақырған адамға екінші рет бармайды. Тест бір рет алынады және оның нәтижесі учаскелік дәрігерге беріледі», - дейді Ажар Ғиният.

Бұл жаңалықты жұрт үлкен қарсылықпен қарсы алды. «Жедел жәрдем ақылы болса жұрт мед сақтандыруды не үшін төлеп жүр?» деген болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары