Денсаулық 09.07.2020 сағат 22:20

Жақында UFC-ден жекпе-жегі өтетін Жалғас Жұмағұлов «шөп шегіп» жүр (ВИДЕО)

Спортшыға түтіннің қалай «көмектескенін» екі тәуліктен соң білетін боламыз.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазақстандықтар коронавируспен күресудің «тың тәсілін» ойлап тапты. Әлеуметтік желіде әлдебір шөптің түтінін құтыға құйып алып, шегіп жүргендердің видеосы тарады. Бұлардың арасында екі-үш күнде UFC алаңында жұдырықтасатын Жалғас Жұмағұлов та бар, деп хабарлайды nege.kz.

Желідегі видео авторларының сөздеріне сенсек, бұл тәсіл коронавирустан емдеп, өкпені тазалайды-мыс. Ол үшін пластикалық бөтелке, су, фольга және от керек. Оттықтың көмегімен фольганың ішінде оралған кепкен өсімдікті тұтатады. Тұтанғаннан кейін бөтелке көтеріліп, ортасында бу пайда болады. Сол пайда болған бумен адам дем алып, оны ішке тартады.

Тіпті, бейнежазбалардың бірінен 11 шілдеден 12 шілдеге қараған түні БАӘ-дегі Жауынгерлер аралында өтетін UFC додасында жекпе-жекке шығатын Жалғас Жұмағұловтың шеккенін көруге болады. Спортшыға түтіннің қалай «көмектескенін» екі тәуліктен соң білетін боламыз.

Естеріңізде болса, UFC-дің атышулы жұлдызы Конор МакГрегор Хабиб Нұрмагомедовпен төбелесер алдында баспасөз мәслихатына өзі шығаратын вискиін әкеліп, жиын үстінде шатақ шығарғаны бар. Жалғас Жұмағұлов та Жауынгерлер аралына шөп тартатын «арнайы құрылғысын» қолтықтай барып, сегіз бұрышты октагонның ортасында бір бұрқ еткізіп түтіндетіп жіберер, бәлкім?

Өмірінде адыраспан иіскеп көрмеген бразилиялық жауынгердің буын-буыны босап, тізесі дірілдеуі ғажап емес қой? Осылай амалдап жеңбесе, бразилиялық сойқан сұмдық енді, «Жалғасыңды түтіп жеймін» деп жұлынып тұр.

Желіде пікір білдіргендердің кейбірі әлгі шөптің адыраспан екенін айтады. Тіпті, мұны марихуана дегендер де жоқ емес. Tengrinews.kz сайтына түсініктеме берген профессор Диас Мырзақожа былай дейді: «Бұл шөп кыст әл хинди болуы мүмкін. Кейде бұл шөпті спиральді имбирь деп те атайды. Антисептикалық, антибактериалық қасиеті бар. Халықтық медицинада көп қолданылады».

Қандай шөп болса да түсініксіз құрылғымен түтін жұту қабынған өкпені одан әрі бүлдіруі мүмкін. Сондықтан мұндай «емдеу тәсілін» қолданғанда абай болған жөн.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар