10.07.2020, 00:05

Бүгін коронавирустан белгілі режиссер Қалдыбай Әбенов көз жұмды

фото: azattyq.org
Бұл туралы Ерлан Декелбаев атты азамат өзінің facebook парақшасына жазды.

Бүгін «Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов Алматы қаласының №7 Қалқаман ауруханасында ауыр халде жатып, көз жұмды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ерлан Декелбаев атты азамат өзінің facebook парақшасына жазды. «Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай ӘБЕНОВ ағамыздан да айырылдық. Бақұл болыңыз, Қалдыбай аға!» - деген ол, бұның алдындағы жазбасында режиссердің ауыр халде жатқанын жазған болатын.

«Аллажар» фильмінің қоюшы-режиссері Қалдыбай Әбенов ағамызды да 7-ші Қалқаман ауруханасына алып кетті. Ауыр халде жатыр. Жансақтау бөлімшесінде. Ыстығы көтеріліп, екі өкпесі... Ей, Аллам, бір өзің жар бола гөр!» - деген-ді сонда Ерлан Декелбаев.