$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады» - жоғары санатты дәрігер

«Бұл – биологиялық процесс. Ауруға кез келген адам шалдығады, індеттен ешкім қорғалмаған», - дейді ол.
фото: dailynews.kz
фото: dailynews.kz

Қазақстанда 10 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдығады. Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осындай болжам айтты, деп хабарлайды aikyn.kz.

«Елімізде 18 миллион халық бар. Менің болжамым бойынша, коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады. Бұл – биологиялық процесс. Ауруға кез келген адам шалдығады, індеттен ешкім қорғалмаған. Коронавирустан қорғайтын жалғыз тәсіл – әр ағзада антидене түзілуі керек», - деді ол.

Оның пайымынша, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланбағанда, қазіргі ауру және өлім-жітім көрсеткіші наурызда басталар еді.

«Қазір мен барынша оқшауландым. Бірақ, менің коронавирусты жұқтырмайтыныма кепілдік жоқ. Қазіргі жағдайда әр адам өз денсаулығының менеджері болуы тиіс. Имунитетті нығайту – пандемиядан жеңімпаз болып шығудың жалғыз жолы», - дейді Тамара Вощенкова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары