Қытай Қазақстанға дәрігерлердің екінші тобын жібереді. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшісі Чжан Сяо мәлімдеді, деп хабарлайды abai.kz.
Қытай дәрігерлерінің бірінші тобы елімізге сәуір айында келген еді. Қытайлық 10 дәрігерден тұратын топ 9 сәуірден бастап 15 күн Қазақстанда болды.
«Пандемия келеді, кетеді, ал біздің арамыздағы достық пен ынтымақтастық мәңгілік құндылықтар болып қала береді. Біз түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыта береміз.
Қытай гуманитарлық көмек жолдауды жалғастырады. Соның ішінде Қазақстан халқы бұл зауалдан тезірек құтылып, қалыпты өмір сүру салтына оралуы үшін өз дәрігерлерінің екінші тобын COVID-19-бен күресу үшін аттандырады» деп жазды ҚХР елшісі әлеуметтік желідегі парақшасына.