$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан – коронавирус ушығып тұрған 30 елдің қатарында

Қазір ауруханада жатқан 300-ден астам науқастың жағдайы ауыр. Оның 67-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
фото: strategy2050.kz
фото: strategy2050.kz

Қазақстан коронавирус ушығып тұрған 30 елдің қатарынан бір-ақ шықты. Әлемдік ститистка солай деді. Бұл әрине, жағдайдың шиеленісіп жатқандығын көрсетеді, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Бүгін Денсаулық сақтау министрінің өкілі індетті жұқтыру деңгейі соңғы аптада 6,7 пайызға өскендігін мәлімдеді. Бұдан бөлек, ауруханада жатқан 300-ден астам науқастың жағдайы ауыр. Оның 67-сі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

«Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз реанимация және анестезиолог бөлімінде ем қабылдап жатыр. Олардың барлық саны – 306 сырқат. Ауыр жағдайда – 265 сырқат, өте ауыр жағдайда – 41 науқас жатыр», - дейді Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Оның мәліметінше, коронавирус инфекциясы мен пневмониядан 50-ден астам медицина қызметкері қайтыс болыпты. Оларға мемлекет тарапынан уәде еткілген өтемақы міндетті түрде төленетіні айтылды.

«Біздің мәліметке сәйкес, 51 медицина қызметкері көз жұмған. Олардың туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Мемлекет басшысы 13 шілдеде өмірден өткен әріптестерімізді мемлекеттік наградалармен марапаттады, 42 медицина қызметкеріне марапат берілді», - дейді Тимур Сұлтанғазиев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары