Франциядағы Монпелье университетінің оқытушылары мен ғалымдары коронавирус инфекциясын тоқтатын тағамдарға зерттеу жасай келе, бір шешімге келген. Олар қырыққабаттың қауіпті дертті «өлтіретін» қасиеті бар екенін анықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Университет қызметкерлерінің дерегінше, қырыққабат көп жейтін елдердің халқы коронавирус инфекциясы туғызған аурудан аз қайтыс болған. Оларға Германия мен Оңтүстік Кореяны жатқызуға болады.
Мамандар зерттеу жұмыстарын жасай келе, қырыққабаттың құрамында Covid-19 вирусының ағзада тарауына кедергі келтіретін заттар бар екенін анықтады. Ашытылған қырыққабаттың құрамында ағзаға түскен патогендерге қарсы тұратын антиоксидант болады. Бұл адамның ағзасы мен иммунитетін күшейтіп, вируспен күреске қуат береді.
Сонымен қатар, испан диетологы Алехандро Кановас пен Испания қоғамдық пульмонология және торакаль хирургиясының басшысы (SEPAR) Эусеби Чинер жұмыртқа, күріш, балық және грек жаңғағының өкпені коронавирустан сақтайтынын жеткізді.
Чинердің сөзінше, адамның өкпесі нашарлаған сайын, ағзада ақуыз азаяды. Оны толтыру үшін ақуызы мол тағамдарды жеу керек. Ал жұмыртқаның құрамында сапалы ақуыз бен майды қорытатын А витамині бар.