$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирусқа шалдыққан науқас жазылғанын қалай біледі?

Сонымен қатар дәрігер аурудан кейін ұйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршау секілді белгілер сақталуы мүмкін екенін айтты.

Коронавирустан жазылған адамда әлсіздік, ұйқының бұзылуы секілді ауру белгілері сақталуы мүмкін. Бұл жайында Алматы қаласының инфекционист дәрігері Тамара Утағанова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Дене температурасының қалыпқа келуі, әлсіздіктің төмендеуі, тершеңдік азайып, бас ауруының қоюы қажет. Яғни, адам өзін қанағаттанарлық деңгейде сезінуі қажет. Қазір бұрынғыдай 14 күн, 20 күн деген уақыт жоқ. Клиникалық бақылаудан кейін дәрігер науқасқа ПТР-талдауын тапсыру қажет пе, соны айтады", – дейді дәрігер.

Айтуынша, коронавирус инфекциясынан адам өзін жақсы сезінуі қажет. Соған қарамастан әлсіздік пен тершеңдік сақталуы мүмкін.

"Иіс және дәм сезуге келетін болсақ, бір адамда ол қабілет үш күннен кейін оралуы мүмкін, ал бір адамда екі айдан кейін оралады. Алайда науқастың дәм мен иіс сезбеуі жан-жағындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді дегенді білдірмейді", – деді инфекционист.

Сонымен қатар дәрігер аурудан кейін ұйқының бұзылуы, әлсіздік, шаршау секілді белгілер сақталуы мүмкін екенін айтты. Айтуынша, кез келген инфекциялық аурудан кейін қалпына келу бір аптадан екі айға дейін созылады.

Сондай-ақ, дәрігер қалада бір науқастың екінші рет инфекция жұқтырып, ауруханаға түспегенін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус