$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақстанда карантинді жеңілдету жоспары әзірленіп жатыр» - министр

Жоспарда денсаулық сақтау министрлігінің ары қарай не істейтіні және карантин шараларын қалай жеңілдететіні жайлы жазылады.
фото: dw.com
фото: dw.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантинді жеңілдетуге арналған жоспар әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

«Қазіргі кезде тұрақты түрде күн сайын 1600-1700 науқас тіркеледі. Мәселен, бүгін 1600 адам болды. Негізі, бұл жаман көрсеткіш емес. Әзірге болжам жасау қиын. Дегенмен, жағдай тұрақты болады деп сенеміз», - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министрдің айтуынша, бастапқыда пессимистік болжамдар болған. Ол кезде қыркүйек айында күн сайын 2 500 науқас анықталады деген жорамал айтылды.

«Алайда шектеу шараларын алып тастағаннан кейін қалай болады? Біз үшін осы мәселе маңызды. Сондықтан қазіргі кезде біз арнайы жоспар әзірлеп жатырмыз. Онда ары қарай не істейтініміз және карантин шараларын қалай жеңілдететініміз жазылады», - деп мәлімдеді Цой.

Министр карантиннің уақытша шара екенін ерекше атап өтті. Ендігі кезекте оны алып тастағаннан кейін қандай шаралардың атқарылатынын анықтап алу қажет.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары