$ 498.34  519.72  4.85

Нұр-Сұлтанда №2 көпсалалы аурухананың бас дәрігері коронавирустан көз жұмды

Белгілі болғандай, дәрігер вирус жұқтырған науқастарды емдеймін деп жүріп өзі де ауырып қалған.

Нұр-Сұлтанда қалалық №2 көпсалалы аурухананың бас дәрігері Иван Иванович Ли қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, дәрігер вирус жұқтырған науқастарды емдеймін деп жүріп өзі де ауырып қалған. Оның өліміне коронавирус себеп болды.

«Иван Ли – өз ісінің кәсіби маманы. Ол – осы күнге дейін көптеген адамның өмірін аман алып қалған білікті жан. Коронавируспен күрес басталған күндерден-ақ ол алғы шептен табылды. Оның отбасы мен жақындарына көңіл айтамыз», - деді әкімдік өкілдері.

Айта кетсек, Иван Иванович Ли 60 жасқа қараған шағында көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары