$ 494.87  520.65  4.91

Індетке шалдыққан 112 медицина қызметкеріне 2 млн теңге әлеуметтік төлем тағайындалды

Министрліктің хабарлауынша, өңірлер бойынша ең көп өтінімдер Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (10) түскен.
фото: ria.ru
фото: ria.ru

Қазақстанда 112 медицина қызметкеріне Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан коронавирус немесе вирусты пневмония жұқтыруына байланысты 2 млн теңге мөлшерінде біржолғы әлеуметтік төлем тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Ақшалай қаражат 73 медицина қызметкеріне аударылды, тағы 39-ына төлемге жіберілді. Төлемақы алуға құқығы бар медицина қызметкерлерін облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларындағы арнайы комиссиялар ауру жұқтыруын тексеру нәтижелері бойынша анықтайды.

Барлық өтінімдерді Денсаулық сақтау министрлігі жинақтайды. ДСМ-нен МӘСҚ-ға төлемге барлығы 123 өтінім келіп түсті. Қалған 11 өтінім бойынша деректер тексеріліп жатыр», - деп жазылған хабарламада.

Министрліктің хабарлауынша, өңірлер бойынша ең көп өтінімдер Алматы қаласынан (46), Алматы (38) және Солтүстік Қазақстан облыстарынан (10) түскен.

Айта кету керек, COVID-19 инфекциясынан, вирустық пневмониядан қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасына 10 млн теңге төленеді. Мұндай жағдай бойынша МӘСҚ-ға өтінім түспеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары