$ 446.49  475.38  4.79

Адамның коронавирусқа қарсы иммунитеті қанша уақытқа дейін төзімді?

Осыған байланысты зертхана басшысы адамзат жаңа коронавирусқа қарсы иммунитетті дамытып жатқанын және жақын арада вакцинацияның мүлде қажеті болмайды деген пікірмен келіспейтінін айтты.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

COVID-19-дан жазылғандардың ағзасында пайда болатын антиденелер мәңгі сақталмайды. "Вектор" орталығындағы зертхана меңгерушісі Илназ Иматдинов осындай мәлімдеме жасады деп жазады KAZ.NUR.KZ, Life.ru-ға сілтеме жасап.

Маманның пікірінше, коронавирустан жазылған адамның денесіндегі антидене бірнеше ай ғана сақталады.

 "Адамдар коронавирустың жеңіл түрімен ауырған кезде, олардың антиденелері бірнеше айға дейін сақталады, содан кейін жоғалады", - деді дәрігер "Россия 24" арнасына. 

Осыған байланысты зертхана басшысы адамзат жаңа коронавирусқа қарсы иммунитетті дамытып жатқанын және жақын арада вакцинацияның мүлде қажеті болмайды деген пікірмен келіспейтінін айтты. 

"Егер бұл шынымен солай болса, жақсы болар еді. Өкінішке қарай, қазіргі уақытта эпидемиологиялық зерттеулер өзге жағдайды көрсетіп отыр", - деді ғалым.

Естеріңізге сала кетейік, танымал дәрігер әрі тележүргізуші Евгений Комаровский адамның коронавирусты жұқтырып, одан жазылып шыққанын қалай анықтау керектігін айтты. Сондай-ақ, ол коронавируспен ауырып, жазылған жағдайда да қолды мұқият жууға және өзгелермен байланыс жасауды шектеуге шақырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары