Денсаулық 29.07.2020 сағат 04:45

Коронавирусты өршітіп алу жағынан Қытайдың да алдына шығып кеттік

Елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 84 мың 648-ке жетіп отыр. Ал коронавирус алғаш тараған Қытайдың өзінде қазір індетке шалдыққандар саны – 83 мың 959.
Коронавирусты өршітіп алу жағынан Қытайдың да алдына шығып кеттік
фото: liter.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кеше бір тәулікте 1526 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған Қазақстан індетке шалдыққандардың саны жөнінен вирус алғаш тараған Қытайдан озып, әлем елдерінің арасында 26-орынға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аталған 1526-ның ішінде 656 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген. Жалпы алғанда, елде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 84 мың 648-ке жетіп отыр. Ал коронавирус алғаш тараған Қытайдың өзінде қазір індетке шалдыққандар саны – 83 мың 959.

Тағы оқи отырыңыз: COVID-19: індетке шалдыққандар саны бойынша Қазақстан Қытайдан озуы мүмкін

Дегенмен, бұл аурудан ең қатты зардап шегіп жатқан ел – АҚШ. Онда 4,4 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдығып, 150 мыңнан астамы содан қайтыс болған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар