Денсаулық 03.08.2020 сағат 05:55

Елорда көшелеріне коронавирусқа қарсы күрескен дәрігерлердің суреті ілінді

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады.
Елорда көшелеріне коронавирусқа қарсы күрескен дәрігерлердің суреті ілінді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтандағы билбордтарда елордалық аурухана дәрігерлерінің суреттері пайда болды. Осылайша, акция бастамашылары дәрігерлерге қажырлы еңбегі мен індетпен күресте өмірін сақтап қалғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жалпы, қаланың орталық көшелерінен 40-тан астам дәрігердің суретін көруге болады. Олар – Тұрсын Раида, Дәурен Молдажанов, Марина Макиенко, Ғайса Нұрғалиев, Жазира Нубин және басқалар.

Пандемиямен күресуге 5 мыңға жуық дәрігер тартылған. Бүгінгі таңда біздің дәрігерлердің адалдығы мен кәсібилігін бағаламау мүмкін емес. Бірнеше айдан бері ақ халаттылар коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы қатарда болды. Олар бірнеше апта бойы отбасы мен достарынан жырақта, балаларын, әйелі мен күйеуін, әкесі мен анасын көрмейді.

Сонымен қатар, олар аурудың азабын тартып жатқан отандастарымен күнделікті бетпе-бет келіп, адам өмірі үшін күреседі. Біздің дәрігерлердің жанқияр еңбегінің арқасында көптеген адамдар үйге анасына, әкесіне, әйелі мен күйеуіне қайта оралды. Мемлекет дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, барша халық үлкен ризашылық білдіруді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар