Денсаулық 04.08.2020 сағат 22:43

Қазақстанда вакцинациялауға жататын топтар анықталып, шығындар есептеліп жатыр

Комиссия отырысында мемлекеттік органдарға вакцинациялауға жататын топтарды анықтауды, шығындар бойынша қажетті есептеулер жүргізу мәселесі тапсырылған.
Қазақстанда вакцинациялауға жататын топтар анықталып, шығындар есептеліп жатыр
фото: liter.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссияның отырысында бірқатар маңызды мәселелер қаралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктері COVID-19 вакцинасын сатып алуға алдын-ала келісімшарттар жасасу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Премьер-Министрдің орынбасары мемлекеттік органдарға вакцинациялауға жататын топтарды анықтауды, шығындар бойынша қажетті есептеулер жүргізуді, сондай-ақ COVID-19-дан егілуге рұқсат алатын үміткер вакциналар кешеніне қол жеткізуге мүмкіндік беретін «COVAX Facility» бағдарламасына Қазақстанның қатысу мүмкіндігіне талдау жасауды тапсырды.

Коронавирустық инфекцияға қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді жеделдету, сондай-ақ ағымдағы жылдың соңына дейін Жамбыл облысындағы ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан вакциналар өндіретін биофармацевтикалық зауытты іске қосу қажеттілігі ерекше аталып өтті.

Сондай-ақ, Е. Тоғжанов өңірлердің әкімдіктеріне және министрліктерге COVID-19-ға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне тиісті үстемеақылар мен өтемақыларды уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.

Отырыста «СҚ-Фармация» ЖШС басшылығының есебі тыңдалды, онда стационарлардағы дәрілік заттардың бір айлық қоры туралы баяндалды. 

Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 емдеу үшін екі айлық дәрі-дәрмек қорын қамтамасыз етуді, сондай-ақ азаматтарды үйде емдеу үшін қажетті қор құруды тапсырды.
Кеңес қорытындысы бойынша Е.Тоғжанов бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар