$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам жасалып жатыр

Ел ауруханаларында, оның ішінде жансақтау бөлімшелерінде төсек қорын одан әрі кеңейту жоспарланған.
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің орынбасары министрлік Қазақстанда коронавирустың екінші толқыны туралы жаңа болжам жасап жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері Қазақстандағы COVID-19 эпидемиясының дамуы және қауіпті инфекцияның екінші толқыны қашан болатыны туралы сұрады. Людмила Бюрабекова республикада КВИ эпидемиясының дамуына болжам шілде айында жасалғанын түсіндірді. Оның негізінде ел ауруханаларында, оның ішінде жансақтау бөлімшелерінде төсек қорын одан әрі кеңейту жоспарланған.

Дәрігерлердің қажетті санын қосқанда, COVID-19 бар науқастарды емдеуге арналған басқа ресурстарды жоспарлау бойынша жұмыс жүргізілді. Алдын ала болжам бойынша, біздің елде коронавирустың екінші толқыны күзде болады. Бұл уақыт – суық тиіп ауырудың маусымдық жоғарылауы.

Бюрабекова аталған аурулардың негізінде болжам жасалып жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі бұл туралы жақын арада хабарлауға дайындалып жатыр. Қазір деректерді өзекті ету жұмыстары жүруде. Бұл 1 тамыздан бастап биліктің коронавирусқа ұқсас клиникалық көрінісі бар КВИ және пневмония туралы статистиканы біріктіргендігіне байланысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары