$ 494.87  520.65  4.91

Карантин: Ақтауда 40-қа жуық адам бір сәтте саунаға барып сайран салған

Тексеру барысында полицейлер саунаның шектеулерге қарамастан жұмыс істегенін және 15 кабинаның бос емесін анықтады.

Ақтауда саунаға барған 40-қа жуық адам ұсталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Маңғыстау облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«8 тамызда түнгі сағат 23.00 шамасында криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілдері арнайы жедел ден қою жасағының қызметкерлерімен бірлесіп, Ақтаудағы 22-шағын ауданындағы саунадан 40-қа жуық адамды ұстады. Тексеру барысында полицейлер саунаның шектеулерге қарамастан жұмыс істегенін және 15 кабинаның бос емесін анықтады» деп жазылған хабарламада.

Карантин ережелерін бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Материал Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментіне жіберілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сауна #Ақтау