$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде коронавирусқа шалдыққан 100-ден астам адам аса ауыр жағдайда жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 бала бар.
фото: ona.az
фото: ona.az

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың 100-ден астамының жағдайы нашар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жалпы науқастардың арасында 423 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 106 науқастың ахуалы аса ауыр деп бағалануда. 99 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 23 281 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 100 бала бар.

«Стационарларда 4 151 науқас жатыр. 19 130 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары