$ 494.87  520.65  4.91

«Карантин кезең-кезеңмен жеңілдетіледі» - А.Цой

Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отыру арқылы жүргізілуі тиіс.
фото: profile.ru
фото: profile.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты.

Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.

«Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арна бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс», - деді Цой.

Айта кетейік, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның бейсенбі яғни 13 тамызда өтетін отырысында айтылады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары