АҚШ пен Канада мамандары коронавирусты сәулелі терапиямен емдеуді ұсынды, деп хабарлайды The Qazaq Times, Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Зерттеушілердің пікірінше, сәулелі терапияны қолдану коронавирустан болатын өлім жағдайларын 20%-ға дейін төмендетуі мүмкін. Ал төмен дозада радиацияны қолдану аурудың токсикологиялық әсерлерін жояды. Аталған әдіс вирус жұқтырған он пациентке қолданылып, сынақтан өткен. Тәжірибелік емдеуден кейін науқастар үш күнде жазылып шыққан.
Әдетте, адам коронавирустан кем дегенде 12 күнде сауығады. Зерттеу авторлары сәулелі терапияның кері әсері болмағанын хабарлады.
Қазір әлемде COVID-19 вирусын 20,7 миллион адам жұқтырған. Қайтыс болғандар саны 750 мыңнан асты. 13 миллионға жуық адам жазылды. Ошағы Қытайдың Хубэй провинциясынан тараған бұл вирусты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «пандемия» деп жариялаған болатын.