16.08.2020, 03:00

Атырауда 193 адам туберкулез дертінен емделіп жатыр

фото: 24.kz
Ал былтыр осындай мезгілде 225 науқас туберкулез дертімен тіркелген.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішевтің ақпаратына қарағанда, биылғы 7 айда туберкулезбен 193 адам ауырғаны анықталыпты. Ал былтыр осындай мезгілде 225 науқас туберкулез дертімен тіркелген екен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Серік Әбішевтің айтуынша, диспансерде ашылған провизорлық орын саны 50 пайыз қысқарыпты.

«Біздің диспансердегі провизорлық стационардан соңғы он күннің ішінде 30 адам емделіп шығып отыр. Ал тамыздан бері провизорлық кереует санын 50-ге дейін азайттық. Қазір 10-ға жуық науқас ем алып жатыр.

Олардың арасында жасанды желдету аппаратына қосылған пациент жоқ. Пандемия жағдайына қарамастан, диспансерде жоспарлы ем жүргізу процесі, күрделі операциялар жасау жалғасуда», - дейді ол.