19.08.2020, 06:39

Қытай өзінің алғашқы COVID-19 вакцинасын патенттеді

фото: finance.kz
Оны ел билігі жыл аяғында сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.

Қытайда COVID-19 вакцинасына алғашқы патент берілді, деп хабарлайды Atameken Business арнасы.  Мамандар екпенің бағасы 1000 юаннан аспайды деп отыр. Бұл шамамен 60 мың теңге.

Қытай ұлттық фармацевтикалық корпорациясының құрамына кіретін екі ғылыми-зерттеу институты бір мезгілде коронавирусқа қарсы вакцина бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізгенін атап өткен жөн. Вакциналар өндірісін де осы екі институт жүзеге асырады.

Бейжіңдегі ғылыми-зерттеу институты жылына 120 миллион вакцина шығара алады, ал Уханьдағы институты жылына 100 миллион вакцина шығаруға қауқарлы.