$ 444.22  476.38  4.82

Мария Агапова ауыр нокаутқа түсіп, ауруханаға зембілмен жеткізілді (ВИДЕО)

Американың Лас-Вегас қаласында өткен бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды.

Бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Мария Агапова UFC Fight Night турнирінде америкалық Шана Добсонмен күш сынасып, нокаутпен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Американың Лас-Вегас қаласында өткен бұл жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Техникалық нокаутпен жеңілген Мария Агапова октагоннан өздігінен түсе алмағандықтан, оны дәрігерлер ауруханаға зембілмен алып кетті.

Еске сала кетсек, аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Мария Агапова осы жылдың 13 маусымында UFC Fight Night 172 турнирінде өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Ханна Сайферсті нокаутпен жеңген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары