Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмонияға 730 адам шалдықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 730 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 1093 адам емделіп шықты», - делінген coronavirus2020.kz сайты ақпаратта.
Сонымен қатар, өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 21 адам қайтыс болған.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам емделіп жатыр, оның ішінде 53 бала бар. Стационарларда – 5 715 пациент, амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан 6 229 пациент бар.