27.08.2020, 17:20

«Қазан, қараша айлары өте қиын болады» - Жандарбек Бекшин

фото: pixabay.com
12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирусқа байланысты жағдай күзде күрделене түсуі мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз өзекті мәселені талқыға салғалы отырмыз. Себебі, қауіпті коронавирус инфекциясына тұмау қосылады. Сондықтан қазан, қараша айлары өте қиын болады. Алматы қаласында соңғы аптада 940 ЖРВИ-дің дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26 пайызға жоғары", - дейді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Алматыда 14 144 адам COVID-19 жұқтырды. 12 848 науқас айықты, 252 адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 105 243-ке жетті. 94 713 науқас жазылды, 1 523 адам аурудан көз жұмды.