27.08.2020, 20:32

Алматыда 800-ден аса баладан пневмония анықталды

Фото: azbyka.ru
Сондай-ақ, ол пандемия басталғаннан бері Алматыда 14 144 COVID-19 жағдайы тіркелген.

Алматыда 800-ден аса баладан пневмония анықталып, ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Бұл туралы онлайн-брифингте қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

"Пневмония анықталған 806 бала ауруханаға жатқызылды", - деді Жандарбек Бекшин.

Сондай-ақ, ол пандемия басталғаннан бері Алматыда 14 144 COVID-19 жағдайы тіркелгенін айтты.

"Коронавирустан қайтыс болғандардың саны 252-ге жетті. Барлығы 12 701 адам сауығып кетті, бұл барлық науқастың 90 пайызы", - деді Бекшин.