Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте бірқатар спорттық клубтың үйірмеге қатысушылардан ПТР мен COVID-19 антиденелеріне тест тапсыруды талап етуі қаншалықты заңды екенін түсіндірді деп жазады nur.kz порталы.
БАҚ өкілдері 1 қыркүйектен бастап карантинді бәсеңдету шараларының екінші кезеңі аясында балалар спорттық үйірмелері өз жұмысын қайта бастайтынын айтты. Сондай-ақ, бірқатар спорттық клуб балалардан міндетті түрде ПТР мен антиденелерге тест тапсыруын талап еткені туралы ақпарат бар. "Мұндай талап қаншалықты заңды? Балалар бұл тестілерді тапсыруы қажет пе? Неге ата-аналар оған ақша жұмсауы қажет?",- деп сұрады журналистер.
Бұған жауап ретінде елдің бас санитар дәрігері кез келген спорт секциясына бару үшін ПТР тест нәтижелерін сұрау негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, қолданыстағы санитарлық ережелер мен оның қаулыларына сәйкес, ешқандай салада қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де коронавирус инфекциясына міндетті ПТР тестілеу қарастырылмаған.
"ПТР тестілер- диагностикалық тест және оны өткізу үшін негіздер болуы қажет. Оны бүгінде клиникалық және эпидемиологиялыө көрсеткіштер бойынша, яғни, адамда COVID-19 симптомдары байқалса немесе ол КВИ жұқтырған адаммен байланыста болса ғана өткізеді",- деді ол.
Оның сөзінше, ПТР-тестің теріс нәтижесі адамның вирус жұқтырмайтынына кепілдік бере алмайды. Себебі, азаматтар тест тапсырған соң да қоғамдық көлікті пайдаланып, қоғамдық орындарға барады және басқа адамдармен байланысады.