$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: қазақстандық вакцина ресми түрде клиникалық сынаққа жіберілді

Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған қазақстандық вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енген. Олар – Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Австралия, Тайвань, Куба, Франция, Австрия және Канада сынды елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған вакциналар.

Кестеден Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын көруге болады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары