$ 449.58  486.94  4.86

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 25 миллионнан асып кетті

Ең көп инфекция АҚШ-та (6,13 миллион), Бразилияда (3,84 миллион) және Үндістанда (3,53 миллион) байқалды.
фото: kabar.kg
фото: kabar.kg

Коронавирус әлемнің 25,16 миллион тұрғынынан анықталды. Бұл деректі Worldometer халықаралық еріктілер тобы келтірді. Олардың бағалауынша, 30 тамыз, жексенбі күні таңертең COVID-19 ауруынан 846 772 адам қайтыс болды, ал 17,5 миллионнан астам науқас сауықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат, Deutsche Welle телерадиокомпаниясына сілтеме жасап.

Соңғы уақытта Батыс Еуропада ауру жұқтырғандар саны артты. Бұл – тұрғындардың демалыстан оралуымен байланысты. Көптеген елдер инфекцияны тежеу шараларын тағы да қатаңдатуға мәжбүр. Осылайша, Германияда кем дегенде жыл соңына дейін ірі шараларға тыйым салынды. Ал Мажарстан 1 қыркүйектен бастап ЕО мемлекеттерінің алғашқысы болып шетелдіктер үшін шекараны қайтадан жабады. Бұл шектеу шарасы бір айға созылады.

Бұған дейін Украина да шетелдіктерге бір ай мерзімге шекараны жапқан еді. Онда 29 тамызда расталған аурудың өсімі (2481 жағдай) елдегі ең жоғарғы межені көрсетті. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 116 978 адамға жетті. Оның ішінде 2492 адам қайтыс болып, 56 138 науқас жазылып шықты. Украинаның денсаулық сақтау министрлігі атап өткендей, науқастардың көпшілігі Львов облысында (14 168), Киевте (12 984) және Черновцы облысында (9997) тіркелген.

Ал Ресейде тамыз айының ортасынан бастап жаңа жұқтыру жағдайларының көлемі 5 мыңнан асқан жоқ. Жедел штаб мәліметтері бойынша, 29 тамызға қарай елде коронавирус инфекциясы 985 346 адамнан анықталған, 17 025 науқас қайтыс болып, 804 383 сауыққан.

COVID-19 қоздырғышы 2019 жылдың аяғында Қытайдың Хубэй провинциясында тарап, 210-нан астам ел мен аумаққа жетті. Ең көп инфекция АҚШ-та (6,13 миллион), Бразилияда (3,84 миллион) және Үндістанда (3,53 миллион) байқалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары