$ 498.34  519.72  4.85

Атырау облысында карантин уақыты тағы созылды

Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Әрі «бір келушіге – 4 шаршы метрден» деген қағидасы тағы бар.
фото: atpress.kz
фото: atpress.kz

Атырау облысы бас санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес, өңірдегі карантиндік шаралар 28 қыркүйекке дейін созылды, деп хабарлайды BAQ.KZ, Liter.kz мәліметіне сүйене отырып.

Жаңа қаулыға сәйкес театр, кітапхана, мұражай тәрізді мәдени нысандардың қызметтерін ғимараттағы адам саны жалпы сыйымдылықтан 50%-дан аспаған жағдайда, яғни 50 адамнан көп емес әрі әлеуметтік қашықтық сақталған кезде рұқсат етіледі.

Сонымен қатар, қалалық бассейндердің қызметіне рұқсат етілді. Олар адам саны 50-ден, яғни жалпы сыйымдылығынан 30%-ынан аспаған жағдайда алдын ала жазылу бойынша сағат 09:00-22:00 аралығында жұмысын жалғастыра алады.

Сауда нысандары да 09:00-22:00 аралығында жұмыс істейді, адамдар ол жерлерге бара алады. Алайда, барушылардың шекті межесі 30%-дан аспауы қажет. Әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұмытпаған жөн. Әрі «бір келушіге – 4 шаршы метрден» деген қағидасы тағы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары