19.09.2020, 06:50

СҚО-да 269 адам құс тұмауы бойынша байланыста болған

фото: aikyn.kz
«Құс тұмауы адамдарда кез келген тұмауға ұқсас вирусты респираторлы инфекция тәрізді жүреді: көзден жас ағу, мұрын бітелу, жөтел және т.б. Емделген жағдайда, үш-төрт күнде жазылуға болады», - деді Горлова.

Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық дәрігерлер 269 адамды құс тұмауы бойынша байланыста болғандар деп тапты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Олар – ауру құстарды қараған немесе қырылған құстарды жинау және жою жөніндегі зооветжасағы құрамында жұмыс істегендер», - деп мәлімдеді жұма күні СҚО тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Ол атап өткендей, адамдар құстан ауру жұқтыруы мүмкін, бірақ, вирус адамнан адамға жұқпайды.