$ 494.87  520.65  4.91

COVID-19: Павлодар облысында 9 оқушы індетке шалдықты

Оқушылардың барлығы бастауыш сыныптарда оқиды. Сырқат жұқтырғандармен байланыста болған 98 оқушы мен мұғалім тексерілді.
фото: elements.envato.com
фото: elements.envato.com

Павлодар облысында 9 оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, 4 бала күндізгі бөлімде, ал 5 оқушы қашықтан білім алған. Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Шарбақты ауданында тіркеліп отыр. Нақтырақ айтсақ, індет 2 ауылдағы мектеп оқушыларынан табылды. Олар – Алексеевка орта мектебі және Қосқұдық ауылындағы білім беру ошағы.

Оқушылардың барлығы бастауыш сыныптарда оқиды. Сырқат жұқтырғандармен байланыста болған 98 оқушы мен мұғалім тексерілді. Қалған деректер Павлодар және Ақсу қалаларының мектептерінен анықталды.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған балалардың денсаулық жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Қазіргі уақытта мектептерде эпиедмиологияға қарсы шаралар қолға алынды. Жалпы, бүгінгі күнге дейін өңірде инфекция жұқтырудың 3897 дерегі тіркелді. Күнделікті өсім 0,1%-ды құрап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары